Оралда КТК лигасының жартылай финалдық ойындары өтті

522 05.12.2017

Көптен күткен БҚО Орыс КТК лигасының жартылай финалдық ойындары өтті. Ойын барысында КВН командалары «стэм» және «фоторазминка» конкурстары бойынша сайысқа түсті.

Бұл ойында финалдық ойында өнер көрсететін ең үздік командалар таңдалып алынып, «Сборная истфака ЗКГУ», «Мечта», «Прогресс», «FeeloMonkey» командалары финалға жолдама алды. «Үздік ойыншы» номинациясын «Прогресс» командасының «фронтмэн»-ы Болатов Ақтілек иеленді.

IMG_0255.JPG

БҚО орыс КВН лигасының тұрақты көрермені Дулат Аманжолов: «Мен №41 мектеп-лицейінің мұғалімімін. КВН ойындарына үнемі оқушыларымды ертіп келемін. Оқушылар да бұл ойынды зор ынта-ықыласпен қабылдайды. Облысымызда Орыс КВН лигасының дамып, өркендеп келе жатқаны қатты қуантады».

IMG_0318.JPG

Облыстағы Орыс КВН лигасын өткізуді қолға алып, дамытуға зор үлесін қосқан бас ұйымдастырушы Әділгерей Зұлхаров: «Әрине, әр бастаманың басында өзіндік қиындықтары болады. Бірақ, командалардың еңбегі мен талапшылдығының арқасында біз үш ойынды сәтті өткіздік.

IMG_0325.JPG

Қазіргі таңда финалдық ойындарға қызу дайындық жүріп жатыр. Финалдық ойын жоғары деңгейде өтеді деген үміттенеміз және алдағы уақытта облыстағы орыс КВН лигасын дамытуға өз септігімізді тигіземіз деген ойдамын».