«Берік отбасы - мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел болып өтті

49 06.10.2017

Жастарға қызмет көрсету орталығында «Сырласу» клубының талқылайык деп отырған тақырыбымыз өздеріңізге мәлім «Берік отбасы - мемлекет тірегі», бұл тақырыпты таңдап отырғанымыздың басты мақсаты – «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету, ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын аша отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, қазіргі өмірде сол тәжірибеден сабақ алып, өмірде қолдану мен дамытуға көптеген септігін тигізеді деген ойдамыз. Іс шараның барысында «Айналайын балалар үйінің» директор орынбасары Н. Баймадиева сөз алып қыздарға сұрақ қойылды «Тәрбие неден басталады?

Ұл мен қызы-мызға лайықты тәрбие беріп отырмыз ба? "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбие-лейміз" деген ұлағатты сөзіміз бар емес пе. Отбасылық тәрбиеде кемшін кетіп бара жатқан тұстарымыз да бар, мүмкіндігіміз келіп жатса ол кемшіндердің орнын толтырып, ұл-қыздарымызға, немерелерімізге лайықты тәрбие берсек, мерейіміз таситыны сөзсіз». Шараға«Ана үйі» АҚ үйлестірушісі Б. Жексембаева қатысты өзінің пікірін жеткізді: Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді.

Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті. Дін істер басқармасының теолог мамандары да қатысты: Е.Матаев және А. Даулетпек. Дін тұрғысынан тақырыпты ашып, түсіндіріп атап өтті. «Сырласу» клубының жұмысына, тақырып аясында қыздар өз ойымен бөлісті.

21761855_870397489791535_1182786719254540368_n.jpg

21764937_870397559791528_8292833472847890920_n.jpg

22007999_870397493124868_9032025727793669887_n.jpg