Жол қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары Талдықорғанда өтті

31 12.10.2017

Жастар арасында жол қауіпсіздігін сақтау, жол ережесін бұзбауға, тәртіптілікке, сақ болуға шақыру және өмірге деген жақсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының 2-ші шағын ауданынан бастап қаламыздың маңызды жаяу жүргіншілер жолағына жазу бейнеледі және ішкі істер басқармасынан жол ережесіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көлік саны көбейген сайын жол апатының орын алуы арта түсті. Қаланың ішінде ерсілі-қарсылы ағылған көліктердің жылдамдығы жоғары. Барлығы межелі жерге «тез жетсем» деп асығады. Ал асығыстықтың салдары қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Сол себепті, жолда абай болған дұрыс.

HhFd1McV9M0.jpg

Uw1WtvqRUZ8.jpg

zGeGO16vPDY.jpg