"Жас Отан" ЖҚ хатшылығында "Сәтті мансап" атты тренинг өтті

144 18.9.2017

Бүгін "Жас Отан" Жастар қанатының Хатшылығында "Сәтті мансап" атты тренинг өтті. "Сәтті қадам" партиялық жобасының бірінші бағыты-тағылымдама аясында ұйымдастырылған шараға жоба қатысушылары қатысты. Алдағы уақытта дұрыс мансапты таңдап, жақсы қызмет таңдауда қателік жасамау жолдарының қыр-сырымен халықаралық деңгейдегі тренер Нәби Гүлзи Əскенқызы бөлісті.

Жоба қатысушысының айтуы бойынша: «Бүгінгі тренинг маған өте ұнады. Мен көптеген тренингтерге қатысып көргем, бірақ Гульзи Аскеновна ханымның тренингі ерекше болды. Тренинг жүргізу тәсілі ерекше екен».

Тренинг 2 сағатқа жалғасты. Бұл уақыт аралығында Гульзи Аскеновна қатысушылармен ойындар да ойнап, сұхбаттасып та улгерді. Жастарға болашақ мамандықты қалай таңдау керек екендігін және қалай өз мамандығыңның үздігі болу керектігін үйретті.

Түрлі ойындармен шоғырланған қызықты жиында жоба қатысушылары керемет əсер алып, болашақтарына қажет ақпарат жинақтады.

Естеріңізге сала кетсек «Сәтті қадам» партиялық жобасы жұмыс жасап жатқанына 4 жылдан астам уақыт болды. Бұл аралықта 2000 жуық адам тәлімгерліктен өтіп, 250 адам тұрақты жұмыс орнына орналаса алды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg