Сайлау финалына шыққан кандидаттар

280 12.2.2018

«Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлаудың соңғы кезеңі басталды. Ұйымның Телеграмдағы каналында 16 аймақтан ақтық кезеңге жеткен 48 үміткерге дауыс беру ақпанның 16-сы 24.00-ге дейін жалғасады.

Орталық кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлауға аймақтардан барлығы 363 үміткер тіркелді. #Jasotansailau хэштегі бойынша мыңнан астам пост жарияланып, жалпы 100 мыңнан астам лайк жиналды. Ал 16 мың адам сайлауға түскен үміткерлерге өз қолдарын беріп, қолдау көрсетті. Сайлаудың соңғы кезеңінде үміткерлердің «Жас Отан»-ның телеграм каналында жинаған дауыстары мен жастар саясатын, «Жас Отан» ЖҚ жұмысын жетілдіру мен жастар мәселесін шешуге арналған бағдарламалары есепке алынады. 20 қаңтар «Жас Отан» Жастар қанаты алғаш рет Орталық кеңес мүшелігіне кандидаттарды онлайн сайлау арқылы таңдайтынын жария етті. Еліміздің 16 аймағынан үш кезеңнен сүрінбей өткен үздіктер 17 ақпан күні белгілі болады. 16 жеңімпаз сайланған күннен бастап, ұйымның жұмысымен танысуды бастайды және «Жас Отан»-ның IV Съезіне қатысады.

«Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесі сайлауының финалистері:

Астана

  1. Түймебай Бауыржан
  2. Әбдірәш Абылайхан
  3. Бекжан Алимкулов
  4. Дулыбаева Сымбат
  5. Андрей Савчук

Алматы

  1. Дүйсебай Байдібек
  2. Әбдешов Ержан
  3. Қуандық Жасулан
  4. Мухаметқалиев Дулат
  5. Ахметов Мади

Ақмола облысы

  1. Амангельдинов Мадияр
  2. Байрамов Ислам
  3. Искакова Аида
  4. Слоква Сергей
  5. Чемезова Александра

Ақтөбе облысы

  1. Абдрахманов Қуаншыбек

Алматы облысы

  1. Абылқас Меруерт
  2. Аманжолұлы Ғазиз
  3. Бақыткелдіұлы Бақтияр
  4. Нұрланова Мадина
  5. Ұзақов Ақансері

Атырау облысы

  1. Конысбаев Ильяс

ШҚО

  1. Балтабеков Еркебұлан
  2. Молдақашев Қуаныш
  3. Тұрсын Еркебұлан
  4. Толеуканов Айдос

Жамбыл облысы

  1. Шырымхан Наурызхан
  2. Берік Ускенбаев
  3. Берікқожа Серікбол

БҚО

  1. Қожжанова Мариям
  2. Сұңғатов Жандос

Қарағанды облысы

  1. Жорабеков Арман
  2. Сундиталиев Нияз

Қостанай облысы

  1. Жусупов Абай

Қызылорда облысы

  1. Еркін Құсан
  2. Ералиев Магжан

Маңғыстау облысы

  1. Жеткізген Досан
  2. Құрманғалиев Ғани

Павлодар облысы

  1. Қинаятов Серікболсын

СҚО

  1. Арманов Рустем
  2. Тулкубаев Мырзада

ОҚО

  1. Байтенов Саулет
  2. Әдиат Қайсар
  3. Ковченко Святослав
  4. Қаратай Рахима
  5. Водолацкий Александр
  6. Мусабеков Aбылай
  7. Ізтілеу Ботакөз