«Денсаулық – спорт кепілі» атты бампербол жарысы өтті

419 06.10.2017

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, Алматы облысының «Жас Отан» ЖҚ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 5 қазан күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Денсаулық – спорт кепілі» атты бампербол ойынынан жарыс өтті.

Жарысқа әскери техникалық мектептен шыққан: «Хан», «Сұңқар», «Қаратал», «Айбын», «Жалын», «Жасыл ел» жасақшыларының «Болашақ», Талдықорған қаласының пробация қызметінің «Жетісу», «Мешіт жастары» командалары қатысты.

Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, жат мінездердің алдын алу, жастарды ауыз біршілікке шақыру мақсатында өткізілді.

Жастар ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Жақсикельдинов Бахтияр Уалиханұлы салтанатты рәсімін ашып, ізгі ниетін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша I - орынды Әскери техникалық мектептен «Қаратал» командасы, II - орынды Пробация қызметінің «Жетісу командасы», III – орынды «Жасыл ел» жасақшыларының «Болашақ» командасы иеленді.

sTZb0rvzk0s.jpg

VQwq027tMcc.jpg