Талдықорғанда жастарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті

56 05.10.2017

Іле ауданы жастар ресурстық орталығы жəне жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен "Бос жұмыс орындар жəрмеңкесі" өткізілді. Іле ауданының кəсіпорындары мен мекемелері бос жұмыс орындарын қала жұртшылығына ұсынды. Атап айтар болсақ, ТОО "Аэропорт , ТОО "Абди Ибрахим Глобал Фарм" , ТОО "Эмкор Тобакко Пэкеджинг Казахстан" , №12 орта мектебі, ТОО "Масло-Дел", ИП "Алексеева". Іле ауданының жұмыспен қамту орталығы "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" туралы кеңес берді.

Жəрмеңкеде Алматы облысының жастарға қызмет көрсету орталығының кеңесшілері жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар "Дипломмен ауылға", "Серпін-2050", "Техникалық және кәсіптік білім беру" туралы кеңес берді. Жалпы жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар 50-ге жуық адам.

Оның ішінде жұмыс іздеп келген тұрғындардың саны 15 адам, 3 адам таңдаған жұмыс орындарына құжаттарымен келуге жолдама алды. 18 жасқа мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңестер берілді. Қалған тұрғындарға "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысу бойынша кеңес берілді.

0bfc6be2-c5c8-40e7-ab02-d6691768f84c.jpg

1b37c899-55a3-4fa5-8ee1-69af9262300a.jpg

9ec1777e-95a4-4806-909d-1e12926a1703.jpg