ҚР ІІМ ТЖ комитетінде «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

34 10.10.2017

2017 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты мен Төтенше жағдайлар комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша іс-шара өтті.

Іс-шараға ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тараптар ынтымақтастығының мақсаты төтенше жағдайлардың азаматтарының қауіпсіздік мәдениеті деңгейін арттыру бойынша бірлескен жұмыс болып табылады. Профилактикалық жұмысқа азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге «Жас Отан» қанатының еріктілері тікелей қатысатын болады.

Осы іс-шара алдағы жылу беру маусымына байланысты ерекше мәнге ие, себебі адамдар көбінесе өрт қауіпсіздік қағидаларын білмеу салдарынан көз жұмып жатады. ТЖ-ның басқа да түрлері бар (адамдардың суда қаза болуы, терезелерден құлауы), біз бірлескен профилактикалық жұмысты жүргізе отырып, азаматтарымыздың осыларға ұшырамауының алдын алуға тиістіміз. Жалпы ынтымақтастық азаматтық қорғау саласында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бөлігінде профилактикалық іс-шараларды жүргізу, тұрғын үй секторларында аула-ауланы аралау, көпқабатты үйлердегі жиындар, тұрмысы нашар, аз қамтылған халық пен қарт адамдар арасында рейдтер жүргізуді көздейді.

ҚР ІІМ ТЖК және «Жас Отан» Жастар қанатының профилактикалық іс- шараларды ұйымдастыру үшін бірлескен жұмыс жоспары әзірленуде.

1.jpg

3.jpg

5.jpg