«Жастар рухани жаңғыру жолында» атты Солтүстік Қазақстан облысы жастар форумы өтті

246 12.12.2017

7 желтоқсанда Петропавл қаласында «Жастар рухани жаңғыру жолында» атты Солтүстік Қазақстан облысы жастар форумы өтті.**

IMG_8601.JPG

Биылғы жылы форумға 400-ден астам адам қатысты. СҚО жастары облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахметке, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовқа, жас кәсіпкерлер мен депутаттарға, спортшыларға сұрақтар қоя алды. Сондай-ақ, форумға төрт номинациядағы әлемдік рекордшы, Гиннес рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цирульников қатысты.

IMG_8304.JPG

Форумда жастар «Үздік волонтер», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас спортшы» номинацияларымен марапатталды. Барлығы 10 номинация ұсынылды.

СҚО «Жас Отан» ЖҚ Төрағасы Қайроллаев Абылайхан форумның мақсаты жастарды біріктіру, проблемалық мәселелерді талқылау және шешім табу екендігін атап кетті.

IMG_8470.JPG

Сондай-ақ, 3 секция алаңдары ұйымдастырылды. «Ойдың күші» секциясы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын, ХХI ғасырдағы ұлттық сана-сезімді сақтау мен дамытудағы жастардың рөлін қарастырды. «Рухтың күшi» секциясының аясында Солтүстік Қазақстан жастары республиканың және облыстың атақты спортшыларымен кездесті.

IMG_8403.JPG

«Жастық күші» секциясында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға көмектесетін жаңа идеялар мен тенденциялар талқыланды.