Петропавлда «Адал ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» атты КТК фестивалі өтті

592 24.11.2017

23 қарашада «Жас Отан» ЖҚ мен СҚО Жастар Мәслихаты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дамыту басқармасының қолдауымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, мемлекеттік тілде «Адал ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» атты КТК фестивалін өткізді.

wx7JV_VhdL8.jpg

Ойынға оқушылар мен студенттерден құралған 8 құрама қатысты. Іс-шараның мақсаты жастар арасында қазақ тілінің абыройын көтеру, сондай-ақ жас ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру. Фестивальдің қорытындысы бойынша «Кіші кубок» номинациясы бойынша №23 мектептің «Әзіл достар» командасы жеңімпаз атанды. 3 орынды Солтүстік Қазақстандық кәсіби-педагогикалық колледжінің «Оян, қазақ» командасы, 2 орынды С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның «Классика» құрамасы иеленді.

w8yyiVTmkt0.jpg

Ал сайыстың абсолютті жеңімпазы болып атанған - А. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының құрамасы «Дарын-style».

CuW1jk8TAGs.jpg