Солтүстік Қазақстан облысының жастары еңбек ардагеріне мақсатты көмек көрсетті

225 25.9.2017

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Солтүстік Қазақстан облысының жастары еңбек ардагеріне мақсатты көмек көрсетті. Мақсатты көмектің ұйымдастырушысы ретінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы шықты.

Сальтай Ғалиқызы еңбек ардагері, 9 жылдан бері белгілі бір себептермен жалғыз тұрып жатыр. «Биылғы жылы жастар маған үшінші рет келіп отыр. Олар маған бақшамның арамшөптерін жұлып берді және қирап қалған саймандарымды жөндеп берді.» - деді Сальтай Ғалиқызы.

«Ардагерлер көмектен тыс, жай әңгімеге зәру болады. Сондықтан біз олармен сырласып, әңгімелесеміз.» - деді «Жас Отан» жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиал төрағасы Абылайхан Қайроллаев. Сонымен қатар, Петропавл каласында "Жас Отан" жастар канатының еріктілермен флешмоб ұйымдастырылды.

1.JPG

2.JPG

3.JPG

4.JPG