Талдықорғанда жастарға арналған «Ажырасу және оның салдары» атты семинар-тренинг өтті

27 12.10.2017

Бүгін Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ажырасу және оның салдары» атты семинар-тренинг өтті. Шара барсында қала тұрғындарынан тақырыпқа байланысты сауалнама алынып оның ішінде басым көпшілігі жастардың ажырасу себебі өз баспанасының жоқтығы деп санайды, семинардың жалғасы қалалық психикалық сауықтыру орталығының психиатор,дәрігері -Ауелбай Меруерт өз пікірін негізігі себептерін түсіндірді. Ал, ажырасудың негізгі себептері және оның салдары туралы бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының психологы Мөлдір Ибраимова аттап өтті.

Талдықорған қалалық ауруханасының психологы Жендыкова Дана жастармен отбасылық құндылықты арттыру мақсатында арнайы психологиялық тренинг өткізді. Шараның негізігі мақсаты - ажырасудың алдын алу, рухани отбасылық жауапкершілікке тәрбиелеу, отбасылар арасында сенімсіздік пен өтірікке бой алдырумау,ерлі зайыптылар арасында ынтымақты арттыру болып табылады. Сондықтан бүгін отбасы тыныштығын сақтау ердің де әйелдің де міндеті болып табылады.

aNKOPAe-TaU.jpg

HbNLbcoSV2U.jpg

tpCrESycx_I.jpg