Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2017» сыйлығы салтанатты түрде тапсырылды

495 04.12.2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2017» сыйлығы салтанатты түрде тапсырылды.

24296730_1877489729232864_1748995357297441210_n.jpg

Шара барысында 2017 жылы жастар саясаты аясында атқарылған жұмыстар сарапталып, осы бағытта белсенді жұмыс жасаған азаматтар 17 номинация бойынша марапатталды.

24067860_1877489835899520_3315510995927966210_n.jpg

Қатысушылар «Жас журналист», «Үздік студент», «Жас ғалым», «Жас әскери қызметкер», «Үздік жас отбасы», «Жас дәрігер», «Жас өнерпаз», «Жас мемлекеттік қызметкер», «Жас ұстаз», «Жас кәсіпкер», «Үздік ауыл шаруашылық маманы», «Жас саясаткер», «Үздік Жасыл ел сарбазы», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы, «Үздік ерікті», «Жас спортшы», «Жас батыр» номинациялары бойынша марапатталды. Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2017» жастар сыйлығы 2009 жылдан бері өткізілуде. Сондай-ақ салтанатты кеш қонағы ретінде әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева және Renzo тобы өз өнерлерін көрсетіп паш етті.

24129826_1877489672566203_6114643588883209685_n.jpg

"Үздік жас журналист" номинациясында «Жетісу» телеарнасының редакторы, тележүргізуші Хамитов Алмат Талғатұлы , «Үздік жас өнерпаз» аталымында Қапшағай қаласы мәдениет үйінің директоры Дюсембеков Медет Қайратұлы жүлдегер болса, Талдықорған қаласы жеке кәсіпкер Құрманғалиев Мансур Талғатұлы «Үздік жас кәсіпкер», Талғар ауданы Қайнар ауылы «Мадияр»шаруа қожалығының жетекшісі Ауелбаев Мадияр Қасенханұлы «Үздік жас ауыл шаруашылығының маманы», С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Тоқтаров Ермек Бауыржанұлы «Үздік жас ғалым», Алакөл ауданы «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарханов Ержан Бақытжанұлы «Үздік жас ұстаз», Еңбекшіқазақ ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектеп түлегі Жамоладдинов Темурбек Тохир угли «Жас батыр» атанды.

24068136_1877489975899506_106704125684521842_n.jpg