Талдықорғанда кеңес орталығы өз жұмыстарын жалғастыруда

541 24.11.2017

«Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының белсенділері қарашаның 17-і күні «Жастар Отанға» жобасы аясында барлық облыстарда ашылған Кеңес орталығы бойынша насихат жұмысын жүргізді.

IMG_9413.JPG

Кеңес орталығының мақсаты халық арасында медициналық көмек, заң, мемлекеттік бағдарламар және тағы да сол сияқты халыққа қажетті мәліметтер туралы кеңес беру. Кеңес орталығы тек жастарға ақыл кеңес беруден бөлек тегін медициналық тексерістен өтуге де мүмкіндік береді.

IMG_9412.JPG

Ақпараттық шарадан халық «МӘМС», «Сәтті қадам», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Дипломмен ауылға» , «Бизнестің жол картасы 2020» сияқты мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңінен мағлұмат алып, оларға үлестірмелі парақша берілді. Медицина саласының мамандары «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» туралы ақпараттандырып, қан қысымдарын өлшеп, халық өзіне қажетті кеңес алды.