Оралда «Жастар – Отанға!» Республикалық байкауының баспасөз брифингі өтті

598 06.11.2017

Бүгін «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Жастар – Отанға!» Республикалық байкауының басталғандығын хабарлау мақсатында баспасөз өкілдері қатысуымен брифинг өтті.

FCXMThoeoAM.jpg

Брифинг барысында биылғы жылғы «Жастар – Отанға!» байқауының ерекшеліктері мен ережелері жөнінде ақпарат берілді. «Жастар – Отанға!» байқауы «Жас Отан» ЖҚ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін», «Оқу орнындағы «Жас Отан» ЖҚ ең үздік бөлімшесі», «Жас Отан» Жастар қанатының ең үздік имидждік жобасы», «Ең үздік «Кеңес Орталығы» консалтинг-орталығы», «Жас Отан» ЖҚ-ның жыл белсендісі» аталымдары бойынша өткізіледі. Байқауға тек Жас Отандықтар ғана қатыса алады.