Орал қаласында батыс аймақтық «Жастар-Отанға!» жастар саяси лагері өтті.

863 31.8.2017

Орал қаласында 26-29 тамыз күндері «Атамекен» туристік лагері базасында Батыс аймақтық «Жастар-Отанға!» жастар саяси лагері өтті.

Лагерьге Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Батыс Қазақстан облысы аудандарынан жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының мамандары, өнерлі жастар, спорт саласының шеберлері, жас ұстаздар, фотограф, видеограф, тілшілер, мәдениет саласының өкілдері, студенттер мен танымал блогерлерден құралған барлығы 120 адам қатысты.

Лагерь бағдарламасына әр түрлі семинар-тренингтер, мастер класстар, интерактивті кездесулер, ашық алаңдардағы жиындар, спорттық жарыстар және ұлттық ойын түрлерінен сайыстар қосылды.

Басты мақсат – барлық жастар топтарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тарту.

1.JPG

2.JPG

3.JPG