Оралда Орыс КВН лигасының 1/4 ширек финалы өтті

551 24.11.2017

23 қараша Батыс Қазақстан облысы Орыс КВН лигасының 1/4 ширек финалы өтті. «Сборная истфака ЗКГУ», «На рубеже», «Исключение из правил», «FeeloManky», «Сборная Кушум», «Мечта» және «Прогресс» командалары қатысқан ойынға Алтынбек Қырықбаев, Данияр Исқали, Нұрғали Жолдасқалиев, Александр Петренко және Биғасыр Азмуханбетов қазылық етті.

Ойын қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясын «Прогресс» командасының ойыншысы Сәкен Амангельдиев, «Үздік әзіл» номинациясы «Мечта» командасының «Мектептегі үштұғырлы тіл» әзіліне тиесілі болып, «Сборная Кушум» командасы 1/2жартылай финалдық ойындарына жолдама ала алмады. Қазылар алқасының құрамында болған Данияр Исқали ойын жайлы өз ойын білдіре отырып: «Орыс КВН лигасына қатысушы жастардың әзілдері мен ойындарының сапасы күн өткен сайын жақсы қарқынмен өсіп келеді. Бұл жағдай баршамызды қуантары сөзсіз.

DSC_0731.JPG

Ұйымдастырушылардың шақыртуы мен керемет көңіл-күй сыйлаған командаларға өз алғысымды білдіргім келеді».

«Үздік ойыншы» номинациясының иегері Сәкен Амангелдиев: « Көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шығып, команданың ойыны мен менің жеке ойынымды жоғары бағалағанына қатты толқып тұрмын. Жартылай финалдық ойында да жоғары деңгейде ойнаймын деп ойлаймын. Бізді қолдап, сенеген жандардың барлығына рахмет айтамын!».

DSC_0755.JPG

Бүгінгі ойынды 300 – ден аса көрермен тамашалады. БҚО Орыс КВН Лига ойындары БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ қолдауымен, «Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары» ЖҚБ ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.