Оралда «Патриоттық тәрбие-отаншылдық кепілі» атты ашық кездесу болды

650 17.11.2017

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында еңбек ардагері, қоғам қайраткері, «Ару аналар» көп балалы ансамблінің жетекшісі Клара Бақтығалиқызы Саржановамен «Патриоттық тәрбие-отаншылдық кепілі» атты тақырыбында ашық кездесу өтті.

mO4s7XHghDM.jpg

Клара Бақтығалиқызы кездесу келген жастарға өзінің еңбек жолымен таныстырып, өмір жолындағы дейін алған асуларын, бағындырған белестерін баяндап берді.

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ ұйымдастыруымен өткен шараға М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ және «БОЛАШАҚ» көп салалы колледжінің студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2017-11-16 at 23.01.55.jpeg

Кенжегалиева Асель Ержановна Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 3 курс студенті:

Менің бұл кездесуден алған әсерім, түйген ойым айрықша әсерлі. Ол кісінің қыздарға айтқан үлгі тұтарлық сөздері, ерекше қарапайымдылығы, керемет ақыл-ойы маған сондай бір мотивация бере алды. Өмірден қанша қиындық көрсе де алға қарай ұмтылып, өз арман-мүддесіне жете алатын қасиеті мені ойландырмай қоймады. Біз жастар осындай үлкен кісілеріміздің қадірін біліп, оларды әрдайым құрметтеп, мақтан тұтуымыз қажет.