Жұлдыздармен жарқын жүздесу...

108 05.2.2018

Жайдарманның жеңімпаздары, КТА ойындарының чемпиондары, Супер кубок иегерлері "Назар аудар" командасы облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленіп жатырған балалармен кездесті. Кеш барысында қызықты сұрақ-жауаптар болып, көңілді ойындар ұйымдастырылды. Балалардың көптен күткен сүйікті командаларымен бірге жарқын жүзді шынайы әңгіме өрбіп, сүйікті ойыншыларынан қолтаңба алып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы естелік фотосуреттер таратылды. ''Жас Отан'' ЖҚ БҚО филиалы 2018 жыл барысында әр саланың үздіктері мен спорт шеберлерін осы орталықтың балаларымен жақын қарым-қатынас орнатып, тағылымы мол танымды тәрбие болатындай шаралар өткізуді жоспарлауда.

X_PLgBVTAV0.jpg

WM_Uh-qdmpo.jpg

0AhE00pQqhM.jpg