"Жас Отан" Орталық кеңес сайлауын өткізіп жатыр

711 19.1.2018

«Жас Отан» төрағасы Данияр Сүндетбаев елінің болашағына бейжай қарамайтын, сайлауға қатысып, саяси мансапты қалағысы келетіндер мен мемлекеттік жастар саясатын қалау және дамуына үлес қосқысы келетіндерді сайлауға қатысуға шақырады.

f6491070-60ad-41a6-93a9-0d85768183db.JPG

Бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Жас Отан» ұйымының төрағасы Орталық кеңес мүшелерінің ашық онлайн сайлауы өтетінін ресми түрде жариалады.

Жанама сайлаудан ашық тікелей сайлау жүйесіне өту арқылы «Жас Отан» көшбасшылардың саяси аренада сайлау қағидаларымен танысып, ары қарай ашық сайлауға түсу жолдарын жетік меңгеруін көздейді. Тікелей сайлау жүйесі дауыс берушілерге үміткерлер арасынан үздігін анықтап, ең лайықтысын таңдауда еркіндік береді.

Бүгінгі таңда жаңғыру мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Осы орайда «Жас Отан» жаңғыруды өзінен, Съезі алдында Орталық кеңес мүшелерін сайлаудан бастамақ.

[https://drive.google.com/open?id=1vb-wYKpytbD3ZDVlK7es6W8SU3rnwcwf]